Алматы метросын пайдаланушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросын пайдаланушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қыркүйек айында Алматы метросының қызметін 1 млн 13 мың 704 адам пайдаланған. Бұл туралы «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл - жерасты жүрдек пойызы ашылғалы бері бір айда тіркелген рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы уақыт аралығында 645 мыңға жуық жолаушы метромен жүрген. Метро қызметін белсенді пайдалану оқу жылының басталуымен тығыз байланысты, дейді мамандар. Айта кету керек, метромен жүруді құп көретін жолаушылар саны жылдан-жылға артып келеді. 2015 жылдың қаңтарынан бері жерасты жүрдек көлігі 7 млн. 123 мың 408 жолаушыны тасымалдаған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артық.

Соңғы жаңалықтар