Алматы метросы жолаушыларды күмбірлеген күймен қарсы алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының жолаушылары тосын сыйға тап болды. Таңертең жұмысына асыққан жолаушылар пойызға кіргенде концерт залына енгендей күй кешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Метрополитен АҚ баспасөз хатшысы Анна Мерзлякованың айтуынша, жолаушылар мұндай тосын сыйға ризалық білдіріп, қошемет көрсетті.

Көпшілігі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.

«Наурыз мерекесі қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері метро жолаушыларын ән мен күйге бөледі. Шағын концерт пойыз ішінде бірінші аялдамадан соңғы аялдамаға дейін болды. Студенттер Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін, халық әндерін шырқап, «Кармен» операсынан партия орындады. Мұндай акция 7 наурызда да ұйымдастырылған болатын. Метро жолаушылары мұндай өнер қойылымдарын өте қошеметпен қабылдады», - деді Анна Мерзлякова.

Соңғы жаңалықтар