Алматы метросы тегін wi-fi жүйесіне қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының барлық бекеттерінде wi-fi іске қосылды. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тегін WI-FI желісіне метроға кіреберістен станцияға түскенге дейін қосылу керек.

«WI-FI желісіне кіру үшін пайдаланушы METRO wi-fi желісіне қосылуы керек. Кейін автоматты түрде сәйкестендіру бетіне өтесіз. Онда телефон нөміріңізді енгізіп, растау батырмасын басу керек», - деп толықтырды «Метрополитен» баспасөз қызмет.

Бұған дейін Сарыарқа мен Достық метро стансалары қашан ашылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын болса, Алматы метросының екі жаңа бекеті 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.


Соңғы жаңалықтар