Алматы метросы пойыздарының жүру кестесін бақылау жеңілдей түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Айфон» пайдаланушылары енді Алматы пойыздарының жүру кестесін мобильді қосымша арқылы көре алады. Бұл туралы «Алматы метрополитен» КМК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.

Метро поездарының жүру кестесі бар айфондарға арналған жүктеме AppStoreға шықты. «Метрополитен Алматы қаласы» атты қосымша бірнеше функциялармен жабдықталған.

Айталық, қосымшаны жүктеу арқылы пайдаланушылар метро пойыздарының жүретін уақытын, стансалар жайлы ақпаратты, google-картадағы мекенжайын, галереяны, жол жүру ақысын біліп, тіпті ояту дабылын орната алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Андроид пайдаланушылары үшін Алматы метросы пойыздарының кестесін көрсететін мобильді қосымшасы жасалған болатын.

Соңғы жаңалықтар