Алматы метрополитенінде жерасты пойызына қатысты түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Метрополитен» МКК экологиялық мониторинг зертханасының қызметкерлері Құрманғазы көшесіндегі №31 үйде метродан болатын шу мен дірілді өлшеді. БАҚ өкілдері де қатысқан мұндай шараға осыдан бірнеше ай бұрын тұрғындардан түскен шағым мұрындық болған еді.

Жылдың басында аталған үйдің тұрғындары жерасты пойыздарының жүйткіген даусы мен дірілінен үйіміз құлайтын болды деп әкімшілікке шағымданған болатын.

Бүгінгі сынақ кезінде метрополитен мамандарының «Ассистент» виброметрі 72-73 децибелді көрсетті. Ал шу мен дірілдің қалыпты көрсеткіші 86-101 децибелді құрайды.

«Одан төмен көрсеткіш метрополитеннің үстінде тұрған ғимараттарға ешқандай залал тигізбейді», - дейді мамандар.

«Бұл тұрғындардың шағымдану себебі түсінікті. Өйткені, осы үйдің астында 300 градустық шұғыл бұрылыс бар. Жерасты жолы Фурманов стансасынан Абайға бұрылады. Әкімшіліктің араласуымен осы бөліктегі резіңке төсемелерді тексердік. Сол кездің өзінде шу мен діріл деңгейі қалыптан асқан жоқ, 78 ДБ көрсетіп тұрды. Ал қазір ол көрсеткіш 73-ке жетті», - деді «Метрополитен» МКК жерасты пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бас ревизоры Бақытжан Абдрахманов.

Метро қызметкерлері шағым түсірген тұрғындарды таба алмады. Көршілерінің айтуынша, олар бұл мекенжайдан баяғыда көшіп кеткен.

Соңғы жаңалықтар