«Алматы метрополитені» жаңа басшының тағайындалуын күтіп отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы метрополитені» жаңа басшының тағайындалуын күтіп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Алматы метрополитені» КМК баспасөз қызметі мекеменің жаңа басшының күтіп отырғанын растады. Кәсіпорынның бұған дейінгі директоры өз еркімен жұмысынан кеткен. Қазіргі уақытта мекемеге директордың қаржы және экономика мәселелері бойынша орынбасары Қуаныш Қантаев уақытша басшылық етіп отыр.

«Бұрынғы басшы Нұрлан Мұхановпен еңбекшарты 2017 жылдың 20 қарашасы күні қызметкердің өтініші негізінде бұзылды», - дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Содан бері «Алматы метрополитеніне» жаңа басшы тағайындалмаған. Алайда, метро сайтында ресми түрде басшы ретінде әлі де Нұрлан Мұқанов көрсетілген. Мекеменің баспасөз қызметі жаңа басшы тағайындалғанда ғана сайттың бұл бөлімі жаңартылатынын жеткізді.

«Жаңа басшы тағайындалмағандықтан сайттағы ол бөлім әлі жаңарған жоқ. Бізде директордың орынбасары уақытша міндетті орындаушы болып отыр. Біз жаңа басшының тағайындалуын күтіп отырмыз. Оның қашан тағайындалатыны әзірге белгісіз», - деді «Алматы метрополитенінің» баспасөз қызметі.  

Соңғы жаңалықтар