Алматы метрополитені стансадан шыққан түтінге қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы метрополитені «Алатау» стансасындағы түтінге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы метро стансасынан шыққан түтіннің видеосы пайда болды.

Алматы метрополитені оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Пневматикалық тежегіш іске қосылған. Пневматикалық тежеу жүйесі қолданылған кезде тежегіш төсеніштері қызып кетеді. Қазіргі уақытта нақты себебі анықталып жатыр, вагондар құрамы желіден алынып, диагностика жасау үшін депоға жіберілді»,- деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Кестеде ешқандай өзгеріс жоқ, метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.



Соңғы жаңалықтар