Алматы метрополитені ең үздік селфиге байқау жариялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метрополитені ең үздік селфиге байқау жариялады. Бұл туралы «Метрополитен» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Фотобайқауға кез келген адам қатыса алады. Байқау шарты бойынша жолаушы стансада, вагонда, метроға кіреберісте селфи жасап, [email protected] электронды адресіне жолдауы керек.

Ең үздік жұмыстың авторын сайтты пайдаланушылар таңдайды. Жеңімпаз «Метрополитен» басшылығынан арнайы сыйлыққа ие болады. Байқау қарашаның 2-сінен 30-ына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар