Алматы метрополитені Астананың туған күніне ерекше сыйлық әзірледі (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мега-жоба басталды. Ұйымдастырушылар бұл шараны Астананың туған күніне әрі Қазақстан халқы Асссамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына арнап отыр. Бүгін қалалық метрополитенде «Қазақстан 2050 стратегиясы: бейбітшілік пен рухани келісім мәдениеті» тақырыбында мәдени шара өтті.

Жерасты пойызы жолаушыларының назарына ұлттық костюмдердің сәндік көрсетілімі ұсынылып, ұлттық ас әзірлеуден шеберлік сыныптары, викториналық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жолаушылар ұлттық ойындардан бақ сынап көрді. «Бейбітшілік пен келісім» мега-жобасы аясында өткен мәдени шара Райымбек стансасында басталып, әр стансада жалғасты. «Аталған жоба Елбасының бастамасымен дүниеге келген «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» акциясының дәстүрлі жалғасы деп түсінуге болады. Бүгін біз Алматы қаласының 3 ірі ауданын қамтыдық. Шараға 34 этномәдени ұйымдар атсалысты», - деді Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Васток Ахмадулла. Мега-жоба аясында алматылықтар қаланың әр ауданында жыл бойы концерттер мен мәдени шараларды тамашалай алады. Айта кетейік, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Келесі жылы Ассамблеяның құрылғанына тура 20 жыл толады. Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сьезі 1995 жылдың 1 наурызында өткен болатын. Қазір бұл ұйым жалпыазаматтық, жалпыхалықтық институтқа айналды.

Соңғы жаңалықтар