Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жолаушыларға есігін қайта ашады. Таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Пойыздардың қозғалыс интервалы қарбалас уақытта 10 минут, басқа уақытта 13 минуттан болады.

«Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылады. Осылайша, қалалық маршруттар таңғы сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар