Алматы мешіттерінде «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты кітапша таратылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оразаның алғашқы күні жұма намазынан кейін Алматы мешіттерінде «Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру алаңы» деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық насихат жұмыстары бойынша Оразаның алғашқы күні Жұма намазынан кейін қала мешіттерінде «Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру» алаңы деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өткізіледі. Алматы өкілдігі «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты кітапшаны дайындап, оқырманға ұсынып отыр. Ол қазақ тілінде 10 мың дана, орыс тілінде 5 мың данамен басып шығарылған және ол мешіттерге таратылады»,-деді Төлеби Оспан.

Сонымен қатар 15 мың тиражбен Ораза кестесі және 5 мың тиражбен қысқаша Ораза нұсқаулығы қамтылған боршюралар тегін таратылады.

Бұған дейін Алматыда Рамазан айында 100 мың дана су мен құрма таратылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар