Алматы мен Талғар арасындағы кептелісті қалай шешуге болады - әкім жауап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте Алматы мен Талғар арасындағы кептелістен қалай құтылуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, қазір қалада БРТ желісінің екінші кезегі жасалып жатыр. Бұл жол Шығыс айналма жолына дейін созылады.

«БРТ желісін Шығыс айналма жолына жеткізген себебіміз, бұл жерде біз арнайы депо ашуды жоспарлап отырмыз. Талғар жақтан келетін жолаушылар осы арадан автобусқа отыратын болады», - деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, әкімдік жаңа жобаны қолға алған.

«Біз осы мәселені былтыр Елбасыға, Мемлекет басшысына баяндаған едік. «Қазақстан Темір жолы» компаниясына тапсырма берілді. Талғардан Алматыға дейін электр пойыздарын жүргізу керектігін айттық. Қазір осы жобаға жеке инвестор табылды. Әкімдік ҚТЖ біріге отырып жұмыс тобын құрды. Талғардан адамдар электр пойыздарымен депоға дейін қатынауы тиіс. Сосын ары қарай олар атвобустарға отырады. Бұл кептеліс мәселесін шешер еді»,- деді Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар