Валюта бағамдары:
    usd/kzt 425.02 eur/kzt 450.1

    rub/kzt 7.17 cny/kzt 63.75
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматы мен тағы екі облыстан 145 қару тәркіленді

2022 жылғы 26 қаңтар 15:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 145 қару-жарақ тәркіленді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 145 қару-жарақ тәркіленді, оның 82-сі Алматы қаласында орналасқан қару-жарақ дүкендерінен ұрланғаны белгілі болды»,- деді полиция өкілі.

Сонымен қатар, ол қару қабылдау акциясы жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

«Азаматтарға заңсыз сақталған немесе табылған қаруды өз еркімен тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес - қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады»,-деді ол.

Рустам Әбдірахманов медициналық мекемеде жатқан 16 күдіктінің тергеуге алынғанын айтты.

«16 адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабында көзделген қылмыс, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс бойынша күдікті»,- деп түсіндірді ол. Жоғарыда аталған күдіктілерге қатысты тергеу соты бұлтартпау шарасын санкциялады. «Қамау изоляторындағы жаралыларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі»,- Рустам Әбдірахманов.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме