Алматы мен Сиань арасында жаңа жүк тасымалдаушы ұшақ қатынайды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – «Сиань-Алматы» бағытындағы жаңа жүк тасымалдаушы рейстің іске қосылуы екіжақты сауданың әлеуетін барынша пайдалануға ықпал етеді, ал Алматы қаласы болса, Орталық Азиядағы транзиттік хаб ретінде өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндігін арттыра түседі, деп хабарлайды ҚазАқарат тілшісі «Чжунгован» Қытай ақпараттық интернет-орталығына сілтеме жасап.

Сиань (Солтүстік-батыс Қытайдың Шэньси провициясының әкімшілік орталығы) мен Алматы арасында жаңа жүк тасымалдаушы ұшағы қатынайтын болады. Аталған авиарейс маусым айынан бастап қалалардың арасында аптасына бір рет қатынайтын болады.

Бұдан әрі «Сиань-Алматы» бағытындағы рейстердің жиілігі нарықтың сұранысына байланысты қалыптасады.

Осыған дейін хабарланғанындай, мамыр айының соңында Қытайдың ірі портты қаласы Тяньцзинь мен Алматының арасында жүк тасымалдаушы рейсі іске қосылған еді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа рейс 100 млн-нан астам тұрғыны бар «Пекин-Тяньцзинь-Хэбэй» экономикалық өңірі мен Орталық Азия арасындағы жүк тасымалдау арналарын жетілдіре түспек.

Сонымен қатар Сиань қаласынан Германияның Мангейм қаласына Қазақстан арқылы қатынайтын, ұзындығы 11,3 км болатын жаңа бағыт іске қосылды. Бұл бағыт Каспий теңізі мен Қара теңізді басып өтеді.

Соңғы жаңалықтар