Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 25 маусым 08:29

Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, cенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Тек Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT