Алматы мен ШҰАӨ Жібек жолы экономикалық белдеуін құруда маңызды рөл атқарады - Чэ Цзюнь

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпорациясының (ҚХР) саяси комиссары Чэ Цзюньді қабылдады.

Кездесу барысында шаһар басшысы Алматы Қытай Халық Республикасымен жоғарғы қарқынды қарым-қатынасты қолдайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында Қытайға барған сапарында Алматыны жаңа "Жібек жолының" орталығы ретінде ұсынды. 2013 жылы Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 5,5 млрд АҚШ долларын құрап, 35% артқан болатын. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 1 млрд. доллардан асты», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпорациясының саяси комиссары Чэ Цзюнь Алматымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін алға тартты. Бұл бағытта қытайлықтардың ауыл шаруашылығы, логистика, құрылыс саласына қызығушылығы артып отыр.

«Жібек жолы экономикалық белдеуін құрылуда Алматы мен ШҰАӨ маңызды рөл атқаратын болады», - деді Чэ Цзюнь.

Соңғы жаңалықтар