+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта жанданады

2021 жылғы 4 мамыр 16:01
Бөлісіңіз:
Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта жанданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Air Arabia әуе компаниясының рейстері қайта ашылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес, 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы әуе рейстері қайта жанданады.

Ұшақ аптасына 3 мәрте қатынайды.

Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 21 мамырдан бастап қайта жалғастырады.

«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (3, 5 және 7 күндері бойынша) орындалады» делінген комитеттің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT