Алматы мен Канн қаласының ынтымақтастығы арта түспек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Канн қаласының ынтымақтастығы арта түспек. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының басшысы бүгін Францияның Канн қаласы мэрінің орынбасары Франк Чиклиді қабылдады.

Шетелдік мейман оңтүстік Астанамен туризм, кәсіпкерлік, мәдениет саласында ынтымақтастықты арттыра түсуге мүдделі екендігін айтты. «Канн қаласы - белгілі курорттық қала. Оның экономикасы туризмге негізделген. Жылда мұнда жәрмеңкелер, фестивальдер, көрмелер, халықаралық «Канн арыстаны» жарнамалық фестивалі өтеді. Біз өзара ынтымақтастыққа, ортақ жобаларды жүзеге асыруға әзірміз», - деді Франк Чикли. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов шаһардың дамуында туризм саласы маңызды орын алатындығын атап өтті. Француз мамандарының қатысуымен қазір «Көкжайлау» курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның айтуынша, Алматы Канн қаласымен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі.

Соңғы жаңалықтар