Алматы мен қала маңында бұршақ жауып өтті

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 21 мамыр күні кешке күн қатты күркіреп, бұршақ жауды. Бұршақтың көлемі 2-3 сантиметрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында да бұршақ жауды. Өңір мен Алматы тұрғындары түсірген видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.

Видео астындағы түсініктемеде Instagram қолданушылары бұршақ қаланың барлық ауданында бірдей жаумағанын жазады. Кей жерлерде мүлде болмаған.

Бұған дейін синоптиктер Алматы облысының аумағында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Олар нөсер жауын соңы ірі бұршаққа ұласады деп болжаған.

Сондай-ақ, Қазгидромет мамандары 21 мамырда елдің солтүстік-батысында, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр және бұршақ жауады деген болатын.


Соңғы жаңалықтар