Алматы мен Доха арасында жаңа әуе рейсі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы - Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашылу салтанатына Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімдігінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, «Qatar Airways» әуе компаниясының Шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Эрсой қатысты.

Рейстер аптасына 2 рейстің жиілігімен сыйымдылығы 132 кресло (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А320 типті әуе кемелерімен орындалады.

Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы 140-тан астам тағайындалған пунктерден тұратын «Qatar Airways» әуе компаниясының бағыттар желісін пайдалана алады.

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы жоспарланған болатын, бірақ пандемияға байланысты тоқтатылды.

Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа халықаралық бағыттарды ашу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

«Qatar Airways» әуе компаниясы Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтинг ұйымының «Жыл әуе компаниясы» болып жарияланды.


Соңғы жаңалықтар