Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы әуежайлардың онлайн-таблосында көрсетілген.

Алматыда 4 әуе рейсі кешігіп жатыр.

Атап айтқанда, Алматы-Үрімжі, Алматы-Ашхабад, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Амстердам бағытындағы рейстер уақытынан кешігіп жатыр. Астана, Ақтөбе, Шымкент, Орал қалаларына және Душанбе, Үрімжі қалаларына 6 рейс ұшпайтын болды. Алматыда қалың тұман. Ауа температурасы -13 болып тұр.

Кей рейстердің ұшу кестесі жарты сағаттан 6-7 сағатқа дейін өзгерді.

Астана әуежайының онлайн-таблосы көрсеткендей, Үрімжі, Орал, Ақтөбе қалаларына ұшатын рейстер бөгелуде. Ал Қызылорда, Ақтөбе, Үрімжі қалаларынан бірнеше рейс Астанаға дер кезінде жете алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар