Алматы мен Астана тұрғындарының 10 %-ында қант мөлшері жоғары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Назар аударыңыздар: Диабет - алыста емес» жобасы аясында жүргізілген үш жылдық зерттеу жұмыстарының қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Алматы мен Астана тұрғындарының 10%-ының қанында қант көрсеткіші жоғары екендігі анықталды.

Дәрігерлер қоғамдық орындарда, білім беру ұйымдары мен кәсіпорындарда 65 мың адамды тексерген.

Алматыда 43 мың адам, Астанада 22 мың адам дәрігерлердің бақылауынан өтті.

 «Көптеген адам қанындағы қант көлемінің жоғары екендігін мүлде білмеген. Бұл диабет емес, әрине, сонда да сақтық таныту керек. Бұл азаматтардың барлығы зертханалық тексеруге жіберілді», - деді жобаның үйлестірушісі Әлібек Ибрагимов.

Мамандардың айтуынша, науқас  азаматтардың 90 %-ы Диабеттің екінші типіне шалдығады. Бұл ауру қозғалыссыз өмір салтының кесірінен, дұрыс тамақтанбаудан пайда болады.

Бүгінде Қазақстанда 307 000 адам есепте тұр. Жоба аясында 300 мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, бұл жоба «Фонд диабетического просвещения Республики Казахстан» қорының, ҚР Білім және ғылыми министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана мен Алматы әкімдіктерінің қолдауымен өтті.

Соңғы жаңалықтар