Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта іске қосылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтірді.

Осылайша 2023 жылдың 2 маусымынан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушы рейстерін қайта бастады.

Тасымал «Боинг – 737» әуе кемесімен жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағытында жасалады.

«Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» дейді комитеттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар