Алматы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына Ақжігіт Бекбердиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Бекбердиев Ақжігіт Лесұлы тағайындалды», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Ақжігіт Бекбердиев 1965 жылы туған. Салық органдарындағы еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары аудандық салық органдарын басқарып келген.

2014 жылдан бастап Алмалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында басшы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар