Алматы мектептеріне 25 мың орын жетіспейді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Бақытжан Сағынтаев Алматыда жаңа мектептер салу үшін қажетті жер мәселесін қалай шешетіндерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда мектептерде шамамен 25 мың орын тапшы. Мектеп жасындағы балалардың саны жыл санап артып келеді. Ал, жаңа мектептердің құрылысы едәуір төмен. Біз жағдайды түбегейлі өзгертуіміз қажет. Белсенді дамытуды қолға аламыз. Қала шетіндегі орта мектептердің қол жетімділігі мәселесін біртіндеп шешуіміз керек деп санаймын. Яғни, жеке мектептер, балабақшалар мен шағын орталықтардың құрылысын мемлекеттік –жеке серіктестік бойынша қаржыландыру тетіктерін белсенді қолдану қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің форумында.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік инвесторлармен белсенді жұмыс істеп жатқанын және қаржыландыру көздері анықталатынын атап өтті.

«Қазірдің өзінде 20 мектеп салуға дайын құрылыс компаниялары бар. Алайда, бұл жұмыстар қалада жердің жетіспеушілігімен шектеліп отыр. Біз бұл мәселені проблемалы несиелер қорындағы жерлердің есебінен шешеміз. Жақында ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеде бізді қолдады », - деді әкім.

Осындай жұмыстардың арқасында жеке мектептер желісі дами бастайды, бұл оқушы орындарының жетіспеушілігінің төмендетеді.


Соңғы жаңалықтар