Алматы мектептерінде оқу процесі қалай ұйымдастырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім басқармасы оқу процесінің қалай ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9қарашада қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаулысымен мектептерде - ата аналардың өтініші бойынша 5 сыныптарда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші кластарын ашу көзделген. Алайда сыныптарда оқушы саны 15-тен аспауы керек. Сонымен қатар, бала саны әр сыныпта 15-тен аспайтын, жалпы бала саны 300 ден аспайтын мектептерге штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бүгінде 24 мектептің 5 сыныбының ата аналарынан 578 өтініш түскен»,- деді онлайн брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарға созылмалы ауруы бар балаларға келуге тыйым салынған.

Бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин екінші тоқсаннан бастап 1-5 сыныптарға кезекші сынып ашуға рұқсат бергенін жазған болатынбыз.

Бірінші тоқсанда 1-4 сыныптарға ғана рұқсат етілген еді.


Соңғы жаңалықтар