Алматы мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл туралы Арыстанғани Заппаров қала тұрғындармен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының айтуынша, балалардың қауіпсіздігі полицияның тұрақты бақылауында.

«Барлық білім беру нысандарында қауіпсіздік мәселесі бойынша тексеріс жүргізілді. Бүгінгі таңда қала мектептерінде 4960 бейнебақылау камералары мен «дабыл батырмалары» орнатылды»,- дейді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар, ол білім мекемесіндегі барлық бейнекамера жедел басқару орталығы жүйесіне қосылған атап өтті.

«Сондай-ақ мектептерде кіру жүйесі ретке келтірілді. Арнайы турникеттер де бар», – деді Алматының бас полицейі.


Соңғы жаңалықтар