Алматы медициналық колледжінде Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асыру барысы талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы медициналық колледжінде Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асыру барысы талқыланды. Оқытушылар мен студенттер, «Нұр Отан» партиясының өкілдері оқу орнында атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде ой бөлісті.

Колледж директорының орынбасары Айжан Тәтібекованың айтуынша, мұндай жиындар колледжде бірінше рет өткізіліп отырған жоқ.

«5 институционалды реформаны жүзеге асыру жолындағы 100 нақты қадам туралы Мемлекет басшысының бастамасы жарияланған соң біздің ұжым жиналып жиын өткізді. Оқытушылық-профессорлық құрам мен студенттер тарапынан үлкен талқылау жасалды. Бүгін тағы да осы бағытта жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып өтпекпіз», - деді Айжан Тәтібекова.

«Колледж қабырғасында Елбасының 5 инстиуционалдық реформасы жүзеге асырудың 100 нақты қадамы туралы талқылауға келдік. Өздеріңіз білесіздер, әлем қазір дүрбелеңге толы. Экономикалық кризис. Мен ойлаймын Мемлекет басшысы аталған жосапрды дер кезінде ұсынды. Онда көрсетілген қадамдар сөз жоқ, елімідің алға жылжуына септігін тигізбек. Біріншіден, кәсіби мемлекеттік аппарат құру - өте өзекті мәселе. Оны біз бен сіз құраймыз. Ертеңгі күні мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын біз. Мемлекеттік есеп беру елдегі сыбайлас жемқорлықты жояды. Үшіншіден, заңның үстемдігі ол өркениетті елдің дамуын көрсетеді. Соңғы жылдары шағымдардың 80 пайызы сот жүйесінің олқылықтарын аша түсті. Ең басты мәселе, үлкен жұмыс жасалып жатыр. Сот жүйесі дегеніміз - бір адамның тағдыры. Экономикалық ахуалды қалыптастыруға 49 қадам арналды. Ең алдымен, халықтың жағдайын көтеру керек», - деді «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Баубеков Арман.
null null

Соңғы жаңалықтар