Алматы мәслихатының «ең жас» депутаты жұмысын ағаш отырғызудан бастамақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының 1000 жылдығына орай қала әкімдігі «1000 игі іс» акциясын бастады. Ертең «Медеу» Мемлекеттік Өңірлік табиғи паркі аймағында «Алматының 1000 жылдығына 1000 игі іс» акциясы аясында сенбілік өтеді. Алматының экологиясына бей-жай қарамайтын 300 адам 1000 түп ағаш отырғызады.

Оның ішінде, «Медеу» паркінің қызметкерлері, студент жастар, еріктілер, жастар ұйымдарының белсенділері, сонымен қатар, Алматы қалалық Маслихаттың ең жас депутаты Асылхан Төлепов бастаған еліміздің танымал театр және кино актерлері, жас жұлдыздары қатысады.

Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарын, жастарды табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қаланың гүлденуіне үлес қосуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар