Алматы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы вакциналанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцина Алматы қаласындағы №5 емханада салынды. Алматының мәслихат депутаттары алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан талдамасын тапсырды. Екпе алғаннан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауында болды.

«Пандемия кезінде коронавирус жұқтырып алу қаупі вакцина салдыру қаупімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін түсінемін. Біз адамдар арасында жиі жүреміз, сондықтан вакцина өте маңызды. ДДҰ пайымдауынша, жаппай вакциналаудың арқасында ғана пандемияны тоқтатып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады», - деді мәслихат депутаты Станислав Канкуров.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 ақпанында елімізде халықты жаппай вакциналауға арналған ауқымды шара басталды.

«Дәрігер болғандықтан, коронавирустың таралуына жаппай вакцинация ғана қарсы тұра алатынын білемін. Иммундау ауру қаупін бірнеше есеге азайтатынын түсінуіміз керек. Бүгін әріптестерімізбен бірге халықтың қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Бұл вирусты осылай ғана жеңе аламыз», - деді мәслихат депутаты Әсия Ақанова.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан вакциналау тегін және ерікті түрде жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар