Алматы мәслихатының 3 учаскесіне депутаттар сайланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мандатын тапсырған Мәслихат депутаттарының орнына кімдер сайланғаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28-қазанда Алматыда Жетісу және Түрксіб аудандарындағы №25, 34, 36 учаскелер бойынша мандатын мерзімінен бұрын тапсырған депутаттардың орнына кезектен тыс сайлау жүргізілді.

Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанованың айтуынша, сайлауға 9 үміткер қатысқан.

«№25 округ бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшесі Асхат Чиликбаев сайлаушылардың даусының 70,4%-ын жинап, бірінші орынға шықты. №34 округ бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Өрлеу» орталығының төрайымы Гүлнас Ахметова дауыстардың 73,3%-ын жинады. №36 округ бойынша «Нұр Отан» мүшесі Михаил Грачев дауыстардың 72,8%-ын жинап бір ауыздан сайланды»,- деді Жанна Асанова.
null 

Барлық үміткерлер дауыстардың шекті 5%-ын жинады.

Ал сайлаудан өтпегендерге сайлауға қатысуға төлеген салымын ең төменгі жалақы деңгейін 5 есе, яғни 141420 теңге етіп қайтарады.

Айта кету керек, мұның алдында қалалық Мәслихаттан меценат Ерлан Стамбеков, байкер Дмитрий Петрухин, Алматы әуежайының директоры Айбол Бекмұхаметов орнын босатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар