Алматы марафонының жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы марафонының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс Орталық стадион жанында мәресіне жетті және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де осында жүргізілді. Марафондық қашықтықтың абсолюттік жеңімпаздары Николай Григоров (Ресей, Барнауыл) пен Полина Репина (Қазақстан) атанды, оларға 350 мың теңге сыйақы берілді. 

Николайдың мәре сызығын кесіп өткен уақыты - 2 сағат 30 минут 9 секунд, Полина қашықтықты 3 сағат 16 минут 11 секундта жүгіріп өтті. Екінші және үшінші орынға ерлер арасынан өскемендік Әмір Байтоқанов пен елордалық Айдын Хасен тұрақтады. Марафондық қашықтықты жүгіріп өткен әйелдер арасында екінші орында Алена Уварова (Алматы), үшінші болып - Мария Киреева (Семей) келді. 

Барлық қатысушы естелік медалдарына ие болды, ал жеңімпаздар жүлде медальдарымен, марапат қағазы және серіктестердің ұсынған сыйлықтарына ие болды.
Еске сала кетсек, бүгін Алматы марафонына 13 мыңға жуық адам қатысты. Осы жөннідегі фоторепортажды мына материалдан көре аласыздар. 
 

Соңғы жаңалықтар