Алматы марафонына тіркеу аяқталуына 2 тәулік қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы марафонына тіркеу аяқталуына 2 тәулік қалды. Былтыр 17 тамызда ашылған Онлайн-тіркеу 17 сәуірде ресми түрде жабылады. Бұл туралы жарыстың ұйымдастыру комитетінің өкілдері айтты.

«V Алматы Марафонына қатысуға арналған онлайн-тіркелу тура жарты жыл бұрын ашылған. Осы уақыт ішінде барлық адамдарда әр түрлі қашықтықтарда атаулы нөмір алу, жаңа қашықтық  «Скандинавия жүрісіне» тіркелу, Алматы Марафонының фирмалық футболкасын алып, онымен марафон сөресіне шығу мүмкіндіктері болды. Жарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтеді. Екі күннен кейін онлайн тіркелу тоқтайды, сондықтан белгілі бір себептермен Алматы Марафонына тіркелмегендерді www.almaty-marathon.kz сайтымызға кіріп, тіркелуден тездетіп өтуге шақырамыз», - деді ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Айта кету керек, биылғы жарыстан түскен қаржы «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығына тірек-қимыл жүйесін оңалтатын 4 аппарат алуға жұмсалады.

Директордың айтуынша, биылғы байқауда бұрын жіберілген қателіктердің барлығы ескерілмек. Мәселен қатысушыларға биыл сөре нөмірлері атаулы түрде беріледі. Сондай-ақ, жүгірушілерге арнап жаңа дисциплина ашылды.

«Көптеген марафонда көргендеріңіздей, ортасында қарқынды азайтып, аяңға түсетін адамдар болады. Олар жүйріктердің жолын бөгейді. Сондықтан, оларға арналып, «Скандинав жүрісі» дисциплинасы енгізілді. Енді олар арттағыларға бөгет болмай, ең соңғы 10 шақырымдық қашықтыққа шығатын болады», - деді С.Қазыбаева.

Сонымен қатар, әр қашықтықтың өз медалі болады.

Биылғы мерейтойлық марафонда 42 шақырым қашықтыққа 8 пейсмейкер шығатын болады. Бұл спортшылар жүгіру қарқынын бәсеңдетпеуге, қатысушыларды ынталандыруға жұмыс істейтін болады.

Ұйымдастыру комитеті биылғы байқауға 15 мың адам қатысатынына үміттеніп отыр.

Айта кету керек, маңызы спорттық шара 24 сәуірде өтеді.

Соңғы жаңалықтар