Алматы марафонына Қазақстанның әр өңірінен қатысушылар іріктелуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ең ірі спорттық шара - Алматы Марафонына Қазақстанның әр аймағынан келушілер іріктелуде. Биылғы марафонға қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылады.

Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева айтты. Оның айтуынша, былтыр марафонға 10 мыңнан астам адам қатысса, 2015 жылы 15 мыңнан астам қатысады деп күтілуде.

«Алматы марафоны оңтүстік астанамызды салауатты өмір салтын ұстанатын қала ретінде қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Жылы уақыттарда қалалықтар велосипедке отырады, көшелерде жаттығады. Алматылықтар кез-келген ауа райында жүгіруге шығуға дайын. Биыл бізді тек алматылықтар ғана емес, барлық қазақстандықтар қолдайды деп үміттенеміз. Еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарын Алматы марафонына шақырамыз», - деді Салтанат Қазыбаева.

Өңірлерден шақырылып отырғандар қатысушылар сауалнаманы [email protected] мекенжайына жіберуі керек.

Ұйымдастыру комитеті таңдап алған ең лайықты үміткерлер Алматы марафонында өз өңірінің өкілі ретінде арнайы футболканы иемденіп, тіркелу жарнасын төлеуден босатылады.

Қатысушыларға қойылатын бірнеше талап бар. Алдымен олар Алматы марафонын жүгіріп өтуге ынталы болуы керек. Сондай-ақ марафондар мен жүгірулерге қатысу тәжірибесі, жауапкершілігі, әлеуметтік желілерде белсенділік танытуы, салауатты өмір салтын ұстануы талап етіледі.

«Толығырақ ақпараттармен www.марафон.kz сайтында және http://instagram.com/almatymarathon, https://vk.com/marathonkz, https://www.facebook.com/MarathonAlmaty әлеуметтік желілеріндегі аккаунтарда таныса аласыздар», дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар