«Алматы марафоны»: Қатысушының денсаулығына қауіп төнбеу үшін не істеу керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы марафоны» директоры Салтанат Қазыбаева ҚазАқпарат тілшісіне дүбірлі додада қатысушылардың денсаулығын қалай қадағалауға болатынын айтып берді.

Мұндай қайғылы оқиға қазанда Алматыдағы алғашқы жартылай марафонда болған еді. 18 жастағы Максим Королев Абай көшесінде мәреге 1 орам қалғанда қайтыс болды. Жас жігіт Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматыдағы филиалының студенті болған.

«ҚР заңнамасы бойынша қатысушылардың барлығынан денсаулығы туралы анықтама талап етіп отыруға құқығымыз жоқ. Егер ол анықтаманы әкелмесе, қатысуға тыйым салуға да болмайды. Бұл жағдайда біздің өзіміздің ішкі тәртіпте регламент белгілеуімізге болады. Бірақ, бұның да теріс тұстары бар. Адамдар қай жолмен болсын анықтама алуға тырысатын болады. Сондықтан, біз негізгі басымдықты ақпараттық жағына береміз», - деді Салтанат Қазыбаева.

Ұйымдастырушылар осы мақсатта сайтқа жүгіруге дайындық туралы видео орналастырған.

«Жақын арада біз Алматы марафонына жаттығу жоспарын жариялаймыз. Ол жоспарда қай жерде медициналық тексерілуден өту керектігі көрсетіледі. Осы орайда адамдарға ақпараттық  бағыт берген өте қолайлы. Сонда ғана азаматтар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастайды», - деді ол.

Мамандар кез келген жарысқа шықпас бұрын адам денсаулығын тексеру өте маңызды деп санайды.

«Мен өзім әуесқой спортшымын. Әр 3-4 ай сайын жүрек ЭХКГ, УЗД тексерілулерін өтіп тұрамын. Жолға сенімді болып шығу үшін бұл көрсеткіштер өте керек», - деді С.Қазыбаева.

Айта кету керек, Алматы марафонының қатысушылары жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 14 мың қатысушы болса, 2019 жылы ұйымдастырушылар 17 мың адамды қабылдауға дайын.

Соңғы жаңалықтар