Алматы маңындағы ұшақ апаты: коттедж иесіне өтемақы төлене ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Bek Air әуе компаниясы коттедж иесіне тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда өтемақы төлейді. Бұл туралы компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуынша, егер бұл құрылыс болмағанда жолаушылар аман қалар еді.

«Сіздер түсініңіздер, мұндай жағдайда ұшақ шассисіз және қозғалтқышсыз қонуы әбден мүмкін. Егер ұшақ үйге соғылмаса, онда ұшақ аман қалар еді. Үйдің құжаты болуы керек. Үй иесі құжаттарды ұсынуы қажет. Ол заңды ма, жоқ па», - деді Бек Эйр басшысы.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар