12:23, 03 Қаңтар 2018 | GMT +6
Алматы маңындағы тауда бес рет қар көшкіні жүрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде тауда бес рет тау көшкіні жүрді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазселденқорғау» ММ-іне сілтеме жасап.
«Шымбұлақ» қар-көшкін стансасының бақылаушысы қар көшу қаупі бар учаскелердің бесеуінде қардың мол жиналып қалғанын хабарлады», - делінген хабарламада.
Көшкіндердің ешқайсысы өзенге жеткен жоқ. Көшкіннің жалпы көлемі 2800 текше метрді құраған. Қирандылар мен зардап шеккендер жоқ.