Алматы маңындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы және оған іргелес елді мекендердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«6-7 сәуірде Алматыда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты нөсерге айналады. Сондықтан қалаға іргелес тау бөктерлерінде су ағысы күшейіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал», делінген Қазгидрометтің ескертуінде.

Соңғы жаңалықтар