Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт қалай сөндіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіру кезіндегі видео жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысындағы полигон өртін сөндіруге 11 өрт сөндіру машинасы, 16 жүк көлігі, 7 бульдозер, 1 экскаватор және жеке құрамнан 114 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару қызметі және ТЖ комитеті оқиға орнына 2 тікұшақ жеткізді.

Алматы қаласы ТЖ департаменті басшысы Серік Әубәкіровтың айтуынша, өрт сөндірудің барлық тәсілдері қолданылып жатыр.

Өртенген полигон Алматы облысының Қарасай ауданындағы Айтей ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан. Таңертеңнен ауыл полигон өртінің түтінімен тұмшаланған.

Айта кетейік, бүгін таңертең алматылықтар қала төбесінде пайда болған түтін иісіне шағымданған болатын. ҚР ІІМ ТЖК түнде Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында қоқыс полигоны өртенгенін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар