Алматы маңындағы елдімекендерге жаңа автобус бағыттары қажет – Мемлекет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуде қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі аймақ – Алматы мен Алматы облысы – өзара тығыз байланысты. Арадағы барыс-келіс миграциясы Алматының жол-көлік желісіне үлкен салмақ салады. Сондықтан қала маңына қатынайтын қоғамдық көлікті дамытуға жіті көңіл бөлген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге Президент қосымша 50 елді мекенді қамтитын жаңа автобус бағыттарын іске қосу қажет екенін айтты.

«Жақында ғана Алматы мен Қонаев қалалары арасында электр пойызының бағыты қайта жанданды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Алматы мен Алматы облысының әкімдіктері қала маңына қатынайтын теміржол бағыттарын әрі қарай ынталандыру жоспарын әзірлеуі керек. Алматы агломерациясын дамытудың бірыңғай көлік моделін құруды ойластыру қажет», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар