Алматы маңындағы ауыл тұрғындарын экология мәселесі алаңдатады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға іргелес орналасқан Қарасу ықшам ауданында ашық аспан астындағы жазғы сахна  ашылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасу ықшам ауданында 15 мыңға жуық адам тұрады. Бұрындары мегаполистегі ойын-сауық орталықтарына жету қиынға соғатын болғандықтан, жергілікті халық көшеде серуен құрумен шектелетін.

Енді еріктілердің ұйымдастыруымен Қарасу өзені жанынан ұйымдастырылған демалыс орны тұрғындардың мәдени орталығына айналмақ.

«Ауданымыздың көркі саналатын және онымен аттас Қарасу өзені бар. Өзеннің экологиялық жағдайына тұрғындардың назарын аудару мақсатында жағалаудан демалыс орнын аштық. Бұл жерде жаз бойы мерекелік шаралар өткізіліп, балаларға арналған түрлі оқу үйірмелері ұйымдастырылады. Өскелең ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелеп, ересектерді табиғат аясында демалуға тартамыз. Қоршаған ортаны тазалап, өзенді көркейтуде тұрғындарының белсенділігін оятамыз деген ойдамыз», - деді еріктілердің бірі Сергей Василев.

Еріктілердің айтуынша, іс мұнымен тоқтап қалмайды. Жоспарда аудан инфрақұрылымын жетілдіріп, мәдени ошақтар санын көбейту шаралары бар.  

Соңғы жаңалықтар