Алматы маңындағы әуе апаты: Ауруханада 9 адам жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұшақ апатынан жарақат алған тоғыз адам Алматы стационарларында, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасында, Нұр-Сұлтандағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында емделуде.

«Бүгінгі күні орталық клиникалық ауруханадан 2 адам, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханадан 1 адам, №4 қалалық клиникалық ауруханадан 3 адам үйіне шығарылды. Қалған науқастар мен екінші ұшқыш емделуді жалғастыруда. Олардың жағдайы тұрақты», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.

Айта кетейік, әуе апатының нәтижесінде 69 жолаушы зардап шеккен, оның ішінде 9-ы бала.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. 12 адам қаза тапты.

Кейін Алматы әуежайы «Bek Air» ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады.


Соңғы жаңалықтар