Алматы маңында жер сілкінді
2022 жылғы 23 қаңтар 17:05

Алматы маңында жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күні Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер дүмпуі Алматы уақытымен 16 сағат 01 минут 45 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.0, магнитудасы - 3,1.

Тереңдігі - 10 шақырым.


Jańalyqtar

MURAǴAT