Алматы маңында жанып жатқан қоқыс полигонына тілшілерді кіргізбеуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Журналистер Алматы маңында жанып жатқан қоқыс полигонының аумағына кіре алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоқыс полигонының аумағына кіреберіс жерде Қазақстанның БАҚ өкілдері жиналды. Өздерін күзетшілер ретінде таныстырған адамдар аумақтың жекеменшік екенін алға тартып, ешкімді өткізбеуде. null

Қазір полигонның аумағына құм салынған қаптар тиелген жүк көліктері ғана кіріп жатыр.

«Бұл полигонды 2014 жылы әкімдік 49 жылға жалға берді. Сол уақыттан бастап полигон KAZ Waste Conversion компаниясына қарайды. Ал ондағы түтін химиялық қалдықтардың жануынан шығуы мүмкін деп ойлаймын», - деп түсіндірді Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бағдәулет Әліпов оқиға орнында.null

Бұдан бұрын алматылықтар қалаға тараған түтіннің иісіне шағымданған еді.

Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желілердегі ауаның шектен тыс ластанғаны жөніндегі ақпаратты теріске шығарды.

null

Соңғы жаңалықтар