+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматы маңында ұшақ апатынан зардап шеккендер ауруханадан шықты

2021 жылғы 24 маусым 11:14
Бөлісіңіз:
Алматы маңында ұшақ апатынан зардап шеккендер ауруханадан шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әуе апатынан жарақат алған ҰҚК қызметкерлері ауруханадан шығарылды. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пәкістанда әскери ұшақ  апатқа ұшырады Ресейде жоғалып кеткен АН-26 ұшағының сынықтары табылды
«Екі әскери қызметкер де толық емдеуден өткеннен кейін №4 қалалық клиникалық аурухананың стационарынан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Олар 95 күн ем алды», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Кейіннен Алматы дәрігерлері ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы қалай екенін айтты.

Ұшақ апаты болған жерге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барып, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әуе апатының себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқанын мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT