Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Алматы маңында полигондағы өрт бәсеңси түсті

2019 жылғы 17 мамыр 00:27 608
Бөлісіңіз:
Алматы маңында полигондағы өрт бәсеңси түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт бәсеңси түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да велосипедімен жүрген 4 жасар қызды автокөлік қағып кетті «Air Astana» ұшағы қозғалтқышындағы ақауына байланысты Ресей әуежайына қонды

Қазіргі таңда өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатқан техникаларға қосымша тағы 10 Камаз бен өрт сөндіруші машиналарға су құятын 10 техника қосылды.

Оқиға орнында Алматы қаласы мен облыс әкімдігінің, төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет өкілдерінен құралған  комиссия жұмыс істеп жатыр.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісовтың айтуынша, өрт шамамен 1 га жерді жандырған. Ең тиімдісі қазір өрт аумағын топырақпен көміп, өртенген қоқсықтың түтінінің ауамен байланысын үзу болып табылады.  

Айта кетейік, бүгін таңертең алматылықтар қала төбесінде пайда болған түтін иісіне шағымданған болатын. ҚР ІІМ ТЖК түнде Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында қоқыс полигоны өртенгенін хабарлады.   

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT