Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Алматы маңында өртенген қоқыс полигонына тағы 10 экскаватор жіберілді

2019 жылғы 16 мамыр 14:43 379
Бөлісіңіз:
Алматы маңында өртенген қоқыс полигонына тағы 10 экскаватор жіберілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқиға орнына Алматы қаласының ТЖБ және Алматы облысының ТЖД қызметкерлері жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда пәтері өртенген қария ауруханаға түсті Қостанайда өртенген үйде бір адам көз жұмды

«16 мамыр күні түнгі екіден аса Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан қоқыс полигонының өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған қоқыс полигонына ең жақын - 14 шақырым жердегі өрт сөндіру қызметі жеткен кезде 1 гектар аумақтағы тұрмыстық қатты қалдықтардың тұтанып, бықсып жатқаны анықталды», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ТЖК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоқыстың қаншалықты терең бықсып, тұтанып жатқаны белгілі болмағандықтан, бұл жағдай өрт сөндірушілерге біршама кедергі келтіріп отыр. Себебі, қоқыс полигонында бұрын жар болған. Сол жар қоқысқа көміліп қалған.

«Осыған байланысты аталмыш полигон әкімшілігінің инженерлік техникасы тілсіз жауды еңсеруге жұмылдырылды. Өртеніп жатқан қоқысты сөндіру үшін топырақ секілді инертті материалдар пайдаланылып жатыр. Қазіргі уақытта ол жерге 7 бульдозер мен 6 тиегіш, 2 экскаватор, 14 самосвал жұмылдырылған. Қосымша Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері (18 адам, 5 арнайы техника) мен Алматы облысының ТЖД қызметкерлері (17 адам) жіберілді», - дейді ол.

Оқиға орнында Алматы қаласының ТЖД бастығы мен Алматы облысының ТЖД бастығының орынбасары жүр.

«Қоқыс аумағындағы тілсіз жауды ауыздықтау үшін тағы да 10 экскаватор мен 10 самосвал жіберілуде. Полигонға уақтылы инертті материалдарды жеткізіп, тұтанған орындардың бетін көму керек», - дейді Владимир Беккер.

Еске сала кетсек, Алматы тұрғындары таңнан бері қала аспанын ыс пен түтін торлағанын айтып, шағымданған еді. Әлеуметтік желі қолданушыларының болжауынша, түтін Алматы облысындағы қоқыс полигонынан келген. Төтенше жағдайлар комитеті бұл ақпаратты растады.

«16 мамыр күнгі түнгі сағат 2:30-да өртке қарсы қызметке Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатқаны туралы хабар түскен. Қатты тұрмыс қалдықтардан тұтанған өрттің аумағы бір гектарды қамтыды  деген болжам бар. Құрбан болған немесе зардап шеккендер жоқ» - делінген комитеттің мәліметінде.

Десе де, Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қоқыс полигонындағы өрт салдарынан шаһардың ауасы шектен тыс ластанғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT