Алматы маңында қураған шөптің тұтануынан 233 өрт шығу оқиғасы тіркелген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында қураған шөптің тұтануынан 233 өрт шығу оқиғасы тіркелген. Бұл туралы қалалық ТЖД анықтау бөлімінің басшысы Нариман Ержанов айтты.

«Алматыда осы жылдың бірінші тоқсанында 233 өрт шығу жағдайы тіркелген. Төтенше жағдай көбіне қураған шөп пен қоқыстың тұтануынан болған. Наурыз айында өртке қарсы күрес қызметіне 99 қоңырау түскен. Өртенген аймақтың территориясы 1 шаршы метрден 20 гектарға дейін жетті», - деді қалалық ТЖД анықтау бөлімінің басшысы Нариман Ержанов.

Оның айтуынша, мұндай төтенше жағдайдың орын алуы жергілікті халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Сонымен қатар, қызыл жалын жақын орналасқан үйлер мен орман қорына да зақым келтіруі мүмкін.

«Қала бойынша Алатау ауданында - 19 жағдай, Түрксіб ауданында - 15, Медеу ауданында - 10, Әуезов, Жетісу аудандарында 3 жағдай тіркелді. 1 сәуірде қалалық ТЖД өртке қарсы қызметі күшейтілген режімде жұмыс істеп, 34 өртті ауыздықтады», - деп қорытындылады Нариман Ержанов.

Соңғы жаңалықтар