Алматы маңында құлаған ұшақтан құтқарылған сәби туралы видео жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы маңында құлаған ұшақтан жас нәрестені құтқару сәті бейнеленген видео желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнежазба Instagram желісінде ztb_video парақшасында жарық көрді.

«Бұл видео ұшақ апатқа ұшыраған орында түсірілген. Кадрде құтқарушының кішкентай сәбиді қауіпсіз жерге апара жатқанын көруге болады. Бұған дейін құтқарушы мен сәбидің суреті жарияланып, бүгінгі күннің үздік суреті атанған болатын», - деп жазылған парақшада.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар