Алматы маңында көлік жуу орталығы өртеніп, 2 адам реанимацияға түсті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы іргесіндегі Құлжа трассасы бойында көлік жуу орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 12 қарашада сағат 21.02-де Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы Құлжа трассасының 27-шақырымында «Арсамақов» ЖК көлік жуу орталығы өртке оранған.

«Өрт сағат 21:59-да оқшауланып, сағат 22:49-да сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшесі жеткенше, денесін 30% күйік шалған 1982 жылғы әйел Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жіберілген. Кейін сағат 23:10-да денесін 30% күйік шалған 1996 жылғы ер адам өз бетімен ауруханаға жүгінеді. Қазір олардың жағдайы ауыр, реанимация бөлімшесінде жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталып жатыр.

«Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-дан 6 адам, 2 техника, зерттеу өрт сынақ зертханасынан 2 адам, 1 техника, ТЖД анықтау бөлімінен 1 адам, 1 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар